Тексеру барысында 8 сотталушы жазасын толық көлемде өтемегені анықталды.
Ақтауда шенеунік сотталғандардың жазасын өтегені жайында жалған ақпарат берген
istockphoto.com
819
оқылды

Ақтау прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған 87 сотталушының қоғамдық жұмысты орындау тәртібінің сақталуына қатысты тексеру жүргізіп, біраз заңбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Ведомствоның мәліметінше, сотталғандардың жұмысты орындауы Ақтау қалалық әкімдігі белгілеген жерлерде қарастырылған. Тексеру барысында 8 сотталушы жазасын толық көлемде өтемегені анықталды. Соған қарамастан есепке алу табеліне олардың жұмысты орындады деп белгілеген. Бұған жауапты шенеунік болып шыққан. 

«Мұндай келеңсіздіктің орын алуы – жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің дұрыс бақылау жасамауының салдарынан туындады», – деп хабарлады ведомства. 

Қазір қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.