Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 млн теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.
Қарағандыда сүт өнімдерін арзандату үшін бөлінген мемлекеттік субсидия жымқырылған
Видеодан скриншот
449
оқылды

Қарағандыда «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияны жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облыстық департаменті тергеді.

«DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринарлық дәрігермен сөз байласып, субсидия алу мақсатында ірі қара мал, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған.

Алайда, іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған. Тиісінше, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеу іс жүзінде жүзеге асырылмаған», – деп мәлімдеді ҚМА.

Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 млн теңге көлемінде субсидиялар түрінде қосымша қылмыстық табыс алынды.

– Сот үкімімен олар ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық), 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру) және 206-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту) бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 млн теңге сомасындағы азаматтық талабын қанағаттандырды, – делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.