Абай облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
- Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды. 260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Ішкі істер министрлігі орман қорын заңсыз кесу, жою және ұрлау ел экологиясына орасан зор зиян келтіретінін және одан да ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.