Димаш көрерменге алғыс білдірді.
«Мен сіздерді қатты сағындым, қымбаттыларым»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/ kudaibergenov.dimash
3,332
оқылды

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген көрерменге қуанышты жаңалығын жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Димаш көрерменге Алматыда өтетін "D and Dears" кездесуіне ерекше ықылас білдіріп жатқаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар өзі осы кездесуге қатысатынын мәлімдеді.

«Құрметті достар! Алматыда өтетін «D and Dears» кездесуіне деген ерекше ықыластарыңызға қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Сіздердің көпшілігіңіз фан-кездесуде болатын-болмайтыным туралы сұрадыңыздар. Әрине, боламын! Дәл осы кеш үшін ұжымыммен бірге сіздерді ерекше қуантатын жаңа әндер мен бейнебаяндар дайындап жатырмыз. Мен сіздерді қатты сағындым, қымбаттыларым Dears. Сіздермен кездесуімізді асыға күтемін. Өздеріңізбен жылы шығармашылық атмосферада әңгімелесіп, сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын», - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.