Әнші Шерзатқа қатысты істе үнсіз қалмағанын еске салып, 2024 жылдың 12 қазанындағы жазбасын көрсетті.
«Мен қазағыма жау емеспін»: Сәкен Майғазиев өзін кінәлап жатқан оқырмандарына жауап берді
Фото: instagram.com/ saken_maigaziyev
10,083
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиев «Шерзат туралы ештеңе жазбай, Русланға келгенде тілекші бола қалыпсың» деп кінәлаған оқырмандарына арнап жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші Шерзатқа қатысты істе үнсіз қалмағанын еске салып, 2024 жылдың 12 қазанындағы жазбасын көрсетті.

"Кімнің қандай лауазымда болғаны мен үшін маңызды емес. Оны бірінші Алла біледі және мені жақын танып, жақсы білетіндер растайды. Мен ұлтын, мемлекетін, ата-анасын, отбасын сүйген жанды биік бағалаймын. Бай-бағланың да, триллионер, миллионер де маған еш нәрсесін бөліп бермейтінін білемін. Дәмеленбеймін де. Мен адам алаламайтын жанмын. Шерзат туралы пікір жазбағандардан отписка" деп атой салып жатқанда, "мен жаздым ғой" деп ақталуға арландым. Қазір жазуымды мәжбүрлеп жатқан жандардың қарасы көп екен. Мен қазағыма жау емеспін. Қазақ халқы үшін күніне кем дегенде 5 рет Алладан дұға тілеймін. Имандай шыным. Қалғаны құқық қорғау органдардың құзырында», - деді әнші.

Сәкен Майғазиев бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында оқ тиген қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайына алаңдаушылық білдірген еді.

 

«Саясат сахнасында, мәжіліс мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қам жеген асыл азаматқа қастандық қылғаны елдігімізге сын болды. Сіз бен біздің ұрпағымыз лудоманияның лайына батып кетпесін деп уайымдаған жанға оқ атылғаны жанға батады. Ел үшін туған ер Руслан Арысбекұлына Алла Тағала жеңілдік берсін. Ел игілігіне, әулетінің бағына аман болсын», - деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.