Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушыларының бірі әншіден күйеуден сыйлық алып, өзіне назар аударту үшін не істеу керегі жөнінде сұраған.
«Қыздар, расын айтқанда, еркекті үйретіп керек емес. Олар бәрін өздері-ақ біледі табиғаттан. Нені қалай жасау керегін. «Қолымнан келмейді, гүл сыйлай алмаймын, мен ондай еркек емеспін, ақшам жоқ» деген нәрсе өтірік. Сондықтан жарты жолға келгенде, үйт-бүйт дей алмайсыз-ау. Фокусты өзіңізге бұрыңыз, өзіңіз өсіңіз. Жақсы көрген адам темпіңізге ілеседі», - деп жазды Ерке Есмахан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.