Евгений Волощенко 1926 жылы Украина КСР Днепропетровск облысы Солонян ауданы Привольное ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында 26-гвардиялық атқыштар полкі, 7-гвардиялық атқыштар дивизиясы 160-запастағы атқыштар полкі, 8-запастағы атқыштар дивизиясы және атақты 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында болып, И.В. Панфилов 2-Прибалтика майданында шайқасып, Латвияны азат етуге қатысқан. Тіпті, Қиыр Шығыста соғысқан.
Соғыстан кейін Ленинград әскери байланыс училищесін бітірген. Днепропетровскідегі зауытта жұмыс істеген. Өскемен қаласында тұрды. Облыстық Қарулы Күштер ардагерлері кеңесінің жұмысына қатысты.
Бүгінде Ұлы Отан соғысының ардагері соғыста көрсеткен батылдығы үшін "ІІ дәрежелі Отан соғысы" ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Әскери еңбегі үшін» медалі, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды.