Александра Саратовцева 1925 жылдың 12 қазанында Пенза облысы Николаевка ауылында дүниеге келген. Небәрі 16 жасында соғысқа кетеді. Сөйтіп, майдан шебінде жүрмесе де, соғыс кезінде құрылыс бригадасының құрамында болып, көпір тұрғызған. Мысалы, Днепр арқылы өтетін көпірді дамылсыз, күні-түні құрылысты тоқтатпастан жарты жыл салған. Нәзік жанды әйел сол бір зұлмат жылдардағы қантөгісті көріп қана қоймай, бүкіл қиындықты көтере білді. Ол Ұлы жеңісті Польшаның Нова-Сонч қаласында қарсы алды.
Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін II дәрежелі Отан соғысы ордені, «Сталинградты азат еткені үшін» медалі, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
Соғыстан кейін ол балабақшада, мектепте комендант болып жұмыс істеді. Қазір Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрады.