Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді.
Президент Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады
Фото: Ақорда
303
оқылды

Мемлекет басшысы Хорватияның сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты. 

Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады. 

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады. Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды.