Мәселен, былтыр алыс-жақын елдерден 15 миллионнан астам турист келген. Бұл туралы туризм әлеуетін арттыруға бағытталған Алматыдағы халықаралық көрмеде айтылды. Шараға 31 елден 500-ден астам компания қатысуда. Венгрия, Вьетнам, Грузия, Мысыр, Мальдив аралдары, Таиланд, Оңтүстік Корея секілді мемлекеттердің туристік, сақтандыру компаниялары мен қонақүй желілері қызмет ұсынудағы озық тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ медициналық туризм, цифрлық виза мен жаңа әуе бағыттары сөз болды. Көрме аясында еліміздің туристік әлеуетін таныстыратын стендтер де ұсынылды.
«Бізге туризм дамымай жатыр деп бейнелі сұрақ қоя береміз, туризмді дамыту көрсеткіштері, келетін туристер саны, туризмнің экспорты өсіп жатыр, былтыр 2,6 АҚШ доллары болды. Көрсеткіштердің өсіп жатқаны туризмнің дамуын көрсетед», – деді «Kazakh tourism ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.