Ұрып-соғу фактісі бойынша Алматы қаласының полициясы прокуратурамен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іздестіру нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.
Күдікті полицияға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өз кінәсін мойындады.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы полициясы заңбұзушылықтың әрбір фактісіне қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.
«Заң және Тәртіп» қағидаты шеңберінде ішкі істер органдары құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.