Халық әртісі, әнші Роза Рымбаевадан сұхбат алып жатқан кезде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға осыдан біраз уақыт бұрын болған. Бейнежазбадан журналист әншіге сұрақ қойып жатқанын көруге болады. Сол кезде артқы жақтан әлдекім қатты сөйлегенде әнші шошып кеткен. «Мен сізді түсіндім... Ойбай, туып қоя жаздадым ғой», – дейді әнші әзілдеп.
Желі қолданушылары бейнежазбаға түрлі пікір білдірген.
“Журналист не үшін микрофон ұстап тұрғанын ұмытып қалды-ау», «Қатырды, Роза Қуанышқызы!», «Роза апамыз әзілқой екен ғой», «Әбден күліп бір жасарып қалдық, аман жүріңіз» деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.