Қазақстан Республикасы Үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады.
Олимпиада және Паралимпиада жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы Үкімет қаулысы қабылданды
Фото: istockphoto
926
оқылды

Бұл қадам Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асып отыр. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Үкімет қаулысы қолданыстағы заңнама аясында дайындалып, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.

Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаға сәйкес жүзеге асады.