Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тоқаев Ердоғанға Ыстамбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді
600
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстамбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстамбұл шаһары аумағында болған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады.

– Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз, – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.