ШҚО Зайсан ауданында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында оқ атудан «Мерген Ару – 2025» сайысы өтті. Аталмыш жарыс Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды.
Шығыс Қазақстан облысында «Мерген ару – 2025» сайысы өтті
Фото: ШҚО әкімдігі
594
оқылды

Жарысты Зайсан қаласының оқ ату орталығының төрешілері ұйымдастырды. Қатысушы қыздардың ұлттық киіммен өнер көрсетуі/ шараның ерекшелігін айқындай түсті. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Зайсан ауданынан соғысқа 7 мыңнан астам адам шақырылған. Оның 2 мыңға жуығы майданда қаза тапқан.  Зайсан ауданынан шыққан батырлар: Кеңес Одағының Батыры Василий Головченко, үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері Қыдырпатша Бокажанов, соғыс батырларына теңестірілген Ғадылбек Сарсекееев пен Виктор Гутовский. 

Сонымен қатар 58 адам «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 3 адам «Қызыл Ту» орденімен, 590 адам I және II дәрежелі «Жеңіс медальдарымен», 12 адам II-III дәрежелі «Құрмет орденімен» марапатталған. Бір азамат  «Құрмет орденінің» толық иегері.

Қазіргі таңда ауданда бір соғыс ардагері  102 жастағы Закен Құрманқожанов тұрады. Ардагер туралы  деректі фильм түсірілді. Ол Жеңіс күні қарсаңында көрсетіледі.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.