– Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбына арналды. Әсіресе, Президенттің әрбір сөйлеген сөзі біздің кешегі Құрылтайдағы берілген тапсырмалармен жалғасып жатты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бізге берген ең керемет бағасы – Қазақстандағы достық, бірліктің арқасында этнос өкілдері «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуі» деді. Ал сөз соңында Президент біздің қазақ тілі – этносаралық ұлттық тіл, бірлік тілі болу керегін айтты. Сондықтан біздің бүгінгі сессияда бір үйдің баласындай жиналған қауым Мемлекет басшысының әрбір сөзін бір кісідей қол соғып, қуаттап, қолдап отырды.
Бұл – біздің елде қорқыныштың болмайтынын, Қазақстан – достықты ту еткен мемлекет екеніміздің дәлелі. Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Ыдырысқызы айтқанындай, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды отбасы мектебі арқылы ғана түзетіп, үлкен жетістікке жете алатынымызға сенемін. Сол себепті қазақ еліндегі мекендеген түрлі ұлттардың, этностардың бірлігі жасасын дегім келеді. Аман болайық, бар болайық, – дейді Гүлсара Тоққұлова.