Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті.
Геннадий Шиповских: Біз – болашаққа нық сеніммен қадам басқан біртұтас ұлтпыз!
430
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ассамблеяның 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыста айтқан сөздері – еліміздің бағыт-бағдарын айқындайтын терең ой, нақты ұстаным.

«Кейбір мемлекеттер үшін этникалық әралуандылық сын-қатердің, сенімсіздік пен төзбеушіліктің белгісі болуы мүмкін. Бірақ бұл – біздің жалпыұлттық қазынамыз әрі стратегиялық артықшылығымыз», – деді Мемлекет басшысы.

Ынтымақ, өзара құрмет пен азаматтық жауапкершілік – Қазақстанның дамуының мызғымас іргетасы. Осы құндылықтар арқылы біз Тәуелсіздігіміздің жетістіктерін сақтап қана қоймай, оны еселеп, келер ұрпаққа аманаттаймыз.

Біздің еліміздің басты құндылығы – бейбітшілік пен қоғамдық келісім!

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы осы құндылықтардың сенімді тірегі, мықты аванпосты ретінде өз тарихи миссиясын жалғастыра береді.

Біз – болашаққа нық сеніммен қадам басқан біртұтас ұлтпыз! Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз! 

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты