Оның айтуынша, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы 16 этномәдени бірлестіктің басын қосқан. Шымкент қаласындағы Достық үйінде әрбір этнос өкілінің бөлім арналып, әр кез түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, олардың басын қосып отырады.
– Бүгінгі басқосуда Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XXXIV сессиясында Ассамблеяның 30 жылда атқарылған істерді ғана емес, алға қойған мақсат-міндеттерді таныстырды. Президент міндеттеген тапсырманың барлығын біз қолдаймыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «қазақ тілі – этносаралық тіл болуы керек». Осы мақсатты орындау үшін Ассамблея тарапынан көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Мысалы, қаламыздағы Достық үйінде қазақ тілі тегін оқытылады.
Оған қоса, Президент «біз – әртүрліміз, бірақ біз бірдейміз» дегені – Қазақстанда өмір сүріп жатқан бүкіл этнос өкілінің өсуіне, дамуына барлық мүмкіндік жасалғанның белгісі. Мәселен, біздегі қалалық Өзбек этно-бірлестігінде Өзбек драма театрымыз бар. Мектептегі өзбек оқушылары сабақты өз тілінде өтіп жатыр. Сондықтан Президенттің бізге берген мүмкіндігіне алғысымыз шексіз.
Мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында көпұлтты мемлекетте барлық ұлт өкілдері сыйластық пен татулықта өмір сүріп жатыр. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы баршаңызға құтты болсын!, – дейді Тахирбек Фархадұлы.