Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды.
Қызылордада жеке тұрғын үй өртеніп, бір адамды күйік шалды
Фото: ТЖМ
1,307
оқылды

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінде 35 шаршы метр алаң өртке оранды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ күшімен өрт салдарынан күйік шалған ер адам құтқарылды. Сондай-ақ құтқарушылар 3 газ баллонын уақытылы шығарып, соның арқасында жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды.

Өрт сөндіріліп, зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды. 

ТЖМ өкілдері тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.