Көміртегі тотығымен уланған 1 ер адам ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.
Павлодарда өртенген үйден 3 бала құтқарылды
Фото: ТЖМ
317
оқылды

Павлодарда өрт болып, тұрғындар эвакуацияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өрт сөндірушілер өрт кезінде 3 баланы құтқарды.

«Бүгін Павлодар қаласы  Желтоқсан көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінің 2-қабатындағы пәтерде өрт болды. Қатты түтіннің салдарынан баспалдақ маршымен 12 адам эвакуацияланып, 3 бала құтқару қалпақтары арқылы жану өнімдерімен уланудан құтқарылды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрттің таралуына жол берілмей, ол 18 ш.м. алаңда сөндірілді. Көміртегі тотығымен уланған 1 ер адам ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.