Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Дзюдошы Нұраділ Әлжан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК
468
оқылды

Қазақстандық дзюдошы Нұраділ Әлжан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалдық белдесуде Әлжан екі дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері оңтүстіккореялық Харим Лимен кездесті.

Негізгі уақытта қос спортшы да жеңімпазды анықтай алмады. Белдесудің тағдыры қосымша уақытта шешіліп, онда қазақстандық балуан тиімді әдіс жасап, жеңіске жетті.

Осылайша, Нұраділ Әлжан Азия чемпионатының финалына шығу үшін күресетін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.