Халықаралық "Ұлы дала жорығы" марафоны 10 мамыр күні Алматы облысында басталады.
15 күннен кейін халықаралық "Ұлы дала жорығы" басталады
Фото: Алматы облысы әкімдігі
466
оқылды

«Ұлы дала жорығы» марафоны  бес күнге жалғасады, ал жалпы қашықтық 500 шақырым.  Оған 15-ке жуық ел қатысады жоспарланған.  

Жарыс Алматы-Өскемен тасжолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке, Бура, Үшжарма, Ақжар, Аралтөбе, Желтораңғы, Топар ауылдары арқылы өтеді. Жамбыл ауданы Қаншеңгел, Ащысу, Айдарлы, Бозой ауылдарын қамтып, Іле ауданы Ақши ауылынан өтіп, марафон Қонаев қаласының «Қарлығаш» шағынауданында аяқталады. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі хабарлады. 

Жорықтың жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі Қонаев қаласының орталық алаңында өтеді.

«Ұлы дала жорығы» марафоны еліміздің спорттық имиджін көтеріп қана қоймай, туризм саласына да жаңа серпін бермек. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар бұл шараға қатыса отырып, Қазақстанның бай мәдени мұрасын тамашалай алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.