Белгілі бизнесмен Қанат Көпбаев, байлардың салығын өсіру туралы салық кодексіне ұсыныстарға пікір білдіріп, табысы аса жоғары тұлғалардың салығын өсіру туралы депутаттардың ұсынысына қатысты өз ойын ашық жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Kusto group co founder, «Бәйге федерациясының» президенті Қанат Шоқанұлы бұл туралы Айкерім Есенәліге берген сұхбатында айтты.
- Салық өссін, бірақ оның да шегі болуы керек. Франция мен Англияда байлық салығы өсті, миллионерлердің барлығы шетелге қашып жатыр. Елдің барлығы Дубайға көшіп жатыр. Біздің елде ешкім қашады деп айта алмаймын, салық ол елге, халыққа жұмсалатын қаржы, ол өссе жақсы, бірақ не нәрсенің шегі болғаны дұрыс, - деді ол.
Айта кетейік, Қанат Көпбаев Forbes.kz нұсқасы бойынша табысты кәсіпкерлердің тізімінде 21 позицияда тұрған кәсіпкер. Кәсіпкер сұхбатта әйелдердің бизнестегі мүмкіндіктері, өз жарымен қарым-қатынастары, балаларға қалдыратын мұра мен тәрбие туралы да сөз қозғады.