МӘМС жүйесіне қатысты ұсынылып отырған түзетулер медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруға бағытталған.
Мәжілісте МӘМС жүйесіне қатысты заң жобасы қаралады
586
оқылды

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы жалпы отырыста депутаттарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. 

Ұсынылып отырған түзетулер медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыруға бағытталған. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін айқындау арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар депутаттар жаңа Салық кодексі жобасы мен оған салық салу мәселелері бойынша құрылыс және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы ілеспе түзетулерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі заңнамалық жаңалықтарды екінші оқылымда талқылайды. Сондай-ақ осыған байланысты Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерді қарайды.

Жалпы отырысқа бірқатар халықаралық құжатты ратификациялауға қатысты заң жобалары да енгізіледі.