Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қасиетті Тақтың Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нун­циа­турасына барды.
Сенат Төрағасы көңіл айту кітабына жазба қалдырды
519
оқылды

Онда палата Спикері Рим Папасы Фран­­­цисктің қайтыс болуына байланысты Апостолдық нунци Джордж Джордж Панамтундилге және барлық католиктерге көңіл айтты.

Мәулен Әшімбаев көңіл айту кітабына жазба қалдырып, Понтификтің әділеттілік пен мейірімділік қағидаттарын дәріптеуге және діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогті дамытуға үлкен үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ Сенат Спикері Рим Папасы Фран­­цисктің 2022 жылы Астанаға жасаған апос­тол­дық сапары және Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының VII съезіне қаты­суы тарихи оқиғаға айнал­ғанына назар аударды.

Палата Төрағасы нунцимен сұхбат ба­рысында Понтифик Қазақстанды «әралуан­дықта бір-бірін тыңдап, құрметтейтін кез­десулер елі» деп атағанын тілге тиек етіп, оның біздің ел туралы айтқан сөздерін қа­зақстандықтар әрдайым ерекше ықыласпен еске алатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Пре­зиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына бай­ла­нысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы Понтификті гуманизмнің, әділеттіліктің және мейірімнің ізгі мұраттарын ілгері­летуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға және бейбітшіліктің ұлы жақ­таушысы екенін айтқан еді.