Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 наурыздағы сағат 19.00-дегі жағдай
Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 наурыздағы сағат 19.00-дегі жағдай
© Сурет ғаламтордан
5,208
оқылды
Жаңа 1 жағдай Алматы қаласында анықталды. Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 10 науқас тіркелді: Алматы қаласында – 8, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 536 адам, үй карантинінде 1094 адам жатыр. ⠀ Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. ⠀ Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 745 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 706, 1 «б» санаты бойынша – 656, 2-ші санат бойынша – 383 адам. Мониторингке алынған 2 мың 745 адамның 648-іне бақылау тоқтатылды. ⠀ 16 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 097 адамға мониторинг жүргізуде. ⠀ Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 132 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 40 адам, 2-ші санат бойынша – 43 адам, 3-ші санат бойынша - 49 адам. ⠀ Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. ⠀ Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында. ⠀ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді: - қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу; - адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау; - сырқат адамдарға жақындамау; - суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет. ⠀ Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.