Криптовалюта нарығында биткоин бағасы өсті. Бұл жолы құны 95 мың доллардан асты.
Биткоин бағасы өсті
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
508
оқылды

Мұндай өсім 24 ақпаннан бері болған жоқ. Binance биржасының дерегіне сәйкес, бір тәулікте цифрлық валюта 2,5 пайызға қымбаттаған. Цифрлық валютаның күрт өсуін сарапшылар доллар индексінің құлдырауымен байланыстырды.

Президент Дональд Трамптың сыртқы сауда саясатынан кейін инвесторлардың АҚШ валютасына деген сенімі азайған. Кей сарапшылар 2025 жылы биткоин бағасы 150 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін деп топшылап отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.