Google қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлері үшін жаңа талап енгізді.
Google қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлері үшін талап қойды
441
оқылды

Енді олар аптасына кемі 3 күн кеңсеге келуге міндеттеледі. Әйтпесе жұмыстан шығарылады. Америкалық компания жасанды интеллект саласындағы инновациялық жобаларға ден қойып отыр. Сондықтан қызметкерлерінің қашықтан емес, кеңседе жұмыс істегені дұрыс дейді. Коронавирус пандемиясы кезінде көп компания штаттағы адамдарын онлайн жұмысқа көшірген еді. Бұл әсіресе ІТ саласындағы мекемелер үшін ыңғайлы болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.