2025 жылғы 25 сәуірде Ақмола облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жауынгер» облыстық күш құрылымдарының қызметкерлері арасындағы кешенді спартакиада аясында шағын футболдан чемпионат өтті.
Ақмола облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шағын футболдан чемпионат өтті
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
521
оқылды

Ойындар жоғары деңгейдегі дайындықты, жеңіске деген жігер мен қарсыластарға құрметті көрсете білген әр команда үшін ерекше әсерлі, эмоцияға толы атмосферада өтті.
 
Турнир нәтижесі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
 
∙ 1-орын — Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті

∙ 2-орын — Ақмола облысының Полиция департаменті

∙ 3-орын — Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Турнир жағымды нотада аяқталып, қатысушылар мен көрермендерге спорттық бауырмалдық пен мереке рухын сыйлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.