Қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ақтөбе облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы сотталды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
334
оқылды

Ақтөбе қаласының № 2 соты облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Б.Шағалбаевқа және оның орынбасары Н.Досжановқа қатысты үкім шығарды.

Биылғы жылдың 28 қаңтарында олар дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға лицензияны кедергісіз бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 1 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Сот лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін, ал кәсіпкерді пара бергені үшін кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20-дан 35 млн теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.