Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Өскемендегі энергетика және сумен жабдықтау нысандарын аралады, - деп хабарлайды aikyn.kz. 24kz-ке сілтеме жасап.
Қанат Бозымбаев Өскемендегі энергетика және сумен жабдықтау нысандарын аралады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
386
оқылды

Вице-премьер алдымен қалалық жылу электр орталығын жөндеу жұмыстарымен танысты.  Биыл жаңғыртуға «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында 7,5 млрд теңге бөлінді. Стансада 9 қазан агрегаты мен 8 турбоагрегатты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан кейін Қанат Бозымбаев Согра жылу электр орталығын аралады. Соңғы үш жылда мұндағы тозу деңгейі 2% төмендетіліп, 61% құрады.

Сондай-ақ Согра ауылында салынып жатқан су тазарту нысандарының құрылысымен де танысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.