Астанада қоғамдық көліктегі жолаушылар легі рекордты деңгейге жетіп, 1 миллионнан асты.
Қала халқының қазіргі саны 1 544 142 адам. Ал елорданың қоғамдық көлігіндегі бір тәуліктегі жолаушылар легі – 1 005 329 сапар.
Тұрғындарды қоғамдық көлікке тарту мақсатында 700-ден астам жаңа автобус жеткізілген. Автобустарды күту аралығы 16 минуттан 13 минутқа дейін қысқарды. 5 экспресс, 5 тұрақты және 1 айналма маршрут іске қосылды.
Күн сайын қала көшелеріне 105 маршрут бойынша 1 210 автобус шығады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.