Бүгін ел бойынша жалпұлттық сенбілік өтті, – деп хабарлайды aikyn.kz.
Бүгін жалпыұлттық сенбілік өтті
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
331
оқылды

Әр аймақта түрлі тазалық шарасы ұйымдастырылды. Экоакцияға елордалықтар ерекше ат салысты. Айналаны күл-қоқыстан арылтып, қаланы көгалдандыруға  100 мыңға жуық адам қатысты.

Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, әртүрлі еңбек ұжымдары, еріктілер мен қала тұрғындары бар. Бас қалада 12 мыңнан астам көшет отырғызылды.

Іс-шара "Таза Қазақстан" акциясы аясында өтті. Республикалық экологиялық акция  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған. Мақсат – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.