ТЖМ күштері Солтүстік Қазақстан облысындағы бөгеттерді нығайтуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, Петропавл қаласының Заречный кентінде және Қызылжар ауданындағы Тепличное, Прибрежное, Ольшанка ауылдарында су тасқынына қарсы белсенді жұмыстар жалғасуда.
– Су тасқынының алдын алу мақсатында қаптарды инертті материалдармен толтырылып, төселуде. Барлық шаралар қорғаныс құрылымдарының беріктігін арттыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, – деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз