Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған
Шымкентте прокурорлар алимент бойынша 8 миллион  теңгеге жуық қарызды өндірді
istockphoto.com
1,184
оқылды

«Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру және қолданыстағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету аясында Шымкенті қаласы Еңбекші ауданының прокуратурасы алимент бойынша қарызды өндіріп алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бас прокуратураның жариялаған мәліметіне сәйкес, 6 жыл ішінде дәлелді себепсіз 7 905 638 теңге сомасына алимент бойынша берешек төлемеген «О» есімді борышкер анықталды.

Борышкер сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Аудан прокуратурасымен аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен СДТБТ-ге қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеру нәтижесінде сотқа жолдаған.

- 06.02.2025 жылы борышкер сот отырысында жәбірленушімен татуласып алимент бойынша қарыз берешекті, яғни 7 905 638 теңгені толық көлемде өтеуіне байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негізбен тоқтамға алынды. Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚР ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін ескертеді, - деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз