Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, 26 сәуірде екінші іріктеу кезеңі өтті.
Карими кермедегі жаттығуларда өнер көрсетіп, 14,066 ұпай жинады және тағы да бірінші орынмен финалға шықты. Бір күн бұрын ол еркін жаттығулардағы іріктеу кезеңінде де бірінші орын алған еді.
Алтынхан Темірбек тіреуішпен секіруден 13-орынға ие болып, финалға өте алмады.
Айта кетейік, ат снарядындағы жаттығуларында Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін бақ сынайды. Финал 27-28 сәуір аралығында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз