Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында 200-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді.
СҚО-да 200-ге жуық адам эвакуацияланды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
705
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Тепличное ауылында  200-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Су деңгейі көтерілгендіктен, елді мекен тұсындағы бөгет үш күннен бері нығайтылып жатыр.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі эвакуциялық бекеттерге бармай, туған-туыстарының үйін паналауды жөн санаған. Өткен тәулікте су деңгейі 29 сантимерге көтерілді.

Бөгетті биіктетуге 1 600-ден астам адам жұмылдырылған. Көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астана қаласынан 200-ден астам әскери келді. Қазгидромет мамандарының болжамынша, Есіл өзенінің деңгейі алдағы күндері тағы да көтеріледі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.