Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті болып сайланды.
Серік Сәпиев басшылық қызметке тағайындалды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,561
оқылды

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Бүгін президент ретінде кезектен тыс конференцияда комитет басшылығының жаңа құрамын таныстырдым, сондай-ақ алдағы жоспарларды белгіледім", - деп жазды ол.

Сәпиев Туризм және спорт министрлігіне және іс-шараға қатысқан ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін Лондон Олимпиадасының чемпионы Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болған.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.