Өңір аумағында жол апаттарының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың мәдениетін арттыруға бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz. tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы жолдарында бақылау күшейді
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
2,307
оқылды

Демалыс күндері полицейлердің жұмысы күшейтілген: патрульдік жасақтардың саны артты, олар күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.

"Ерекше назар қауіпті учаскелерге, халық көп шоғырланатын орындарға және қала сыртындағы тасжолдарға аударылып отыр",  деді Алматы облысы ПД өкілі.

Ведомство мәліметінше, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу, оның ішінде көлікті масаң күйде басқару және жылдамдықты асыру анықталып жатыр. Полиция жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият болуға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өзіңіздің де, айналаңыздағы адамдардың да өмірін сақтаңыздар!"  деп үндеу жасады ІІМ өкілдері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.