Милад Карими 14,133 ұпай жинап, еркін жаттығулар бағдарламасында топ жарды.
Екінші орынды болгариялық Эдди Пенев (13,966 ұпай), ал үшінші орынды украиналық Назар Чепурный (13,866 ұпай) иеленді.
Жалпы есепте де Карими еркін жаттығулар бойынша бірінші орынға ие болды. Ал ертең қоссырықтағы жаттығулардың финалында өнер көрсетеді.
Сондай-ақ 27 сәуірде ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов та медаль үшін таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.