Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Алдағы аптада өтетін спорттық сайыстар кестесі жарияланды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
577
оқылды

28 сәуір-4 мамыр аралығында өтетін жарыстар төмендегідей:

28-30 сәуір: Велоспорттан Tour of Bostonlig Ladies халықаралық жарысы
Қазақстан намысын 5 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Газалкент қаласы, Өзбекстан.

29 сәуір-1 мамыр: Ересектер арасындағы қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогы
Жарысқа еліміздің барлық облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 180 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.

29 сәуір-6 мамыр: Ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты
Қазақстан құрамасы сапынан 5 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.

30 сәуір-6 мамыр: Мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир
Бәсекеге отандық 3 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Бангкок қаласы, Таиланд.

30 сәуір-6 мамыр: Жүзуден Acropolis Swim Open халықаралық турнирі
Жарысқа ел құрамасынан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Афина қаласы, Греция.

3-12 мамыр: Стенд атудан әлем кубогы
Турнирде 6 спортшымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Никосия қаласы, Кипр.

4-9 мамыр: Күрес түрлеріне жастар арасындағы халықаралық турнир
Турнирге Қазақстан құрамасының балуандары қатысады.
Өтетін орны: Анталия қаласы, Түркия.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.