Бұл балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, жан-жақты бағалау үшін тексерістер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторинг сапарларын енгізуге бағытталған.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуына жоспардан тыс тексеріс жүргізіп жатыр. Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінде 14 мектептің ас блогы тексерілді. Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрлігін, Бас прокуратураны қоса алғанда, мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды", – деп жазылған хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.