Актер, "Алдараспан" театрының директоры Нұржан Төлендиев келін түсірді, – деп жазды Аikyn.kz.
Қуанышты жаңалықты әншілер желіде бөлісіп, беташар мен тойдан видео жариялады.
"Атақты сатира майталманы Нұржан Төлендиев ағамыз бізге қолқалап, жар-жар әнімен тұңғыш ұлым мен келінімді сіздер алып шықсаңыздар, "жолдарыңызды берсін деп ырымдадық", деп мәртебемізді асырды", - деп жазды әнші Қарлығаш Сұлтанша Instagram-дағы парақшасында.
Ал әнші Жазира Байырбекова "Келінжанның қадамы құтты болсын! Әрбір үйде тек қуаныш болсын! Келін алып, қыз ұзатайық!" - деп жазды.
Желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, келіннің енесіне ұқсайтынын жазып жатыр.
"Келін енесіне ұқсайды екен, жастар бақытты болсын!", "Енесінің копиясы", "Келін 100 пайыз енесіне ұқсайды екен", "Келін ененің топырағынан деген рас! Бақытты болсын", - деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.