Ұлы Отан соғысының ардагері Иосиф Зуев ұрыс алаңында көрсеткен батырлығы үшін «Қызыл Жұлдыз» және «Даңқ» ордендерімен марапатталған. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Убинка ауылында дүниеге келген ол Верхуба ауданында әскерге шақырылады. Сөйтіп, танкке қарсы 92 жеке дивизионның құрамында болған.
Ардагердің қызы Степанида Иосифовнаның айтуынша, әкесі әскерге 1942 жылы шақырылған.
"Әкем 1942 жылы әскерге шақырылып, Ворошиловградтан Прагаға жеткен. Ол барлау мен артиллерияда қызмет еткен. 140-шы жеке дивизия құрамында Украина және Беларусь майдандарында шайқасып, екі рет жараланған болатын. Соған қарамастан ол 1945 жылдан кейін Украина жерінде қызметін жалғастырған. Содан шекараны қорғап, ғимараттарды күзетіп, ормандарда жау партизандарымен шайқасқан. 1947 жылы қарашада елге оралды», – дейді Степанида Иосифовна. Бұл туралы ол Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы Facebook парақшасында жариялаған.
Иосиф Зуевтің марапаттары арасында танкті құлатқаны үшін және адамдарды қоршаудан алып шыққаны үшін медальдар бар. Айта кетейік, 9 мамырда Иосиф Зуев өзінің туған күнін – 102 жасын атап өтеді.