Ол Беларусь территориясындағы партизан отрядында байланысшы болған
7 сынып бітіре салып, партизандар арасына түскен жасөспірім
баспасөз орталығы
246
оқылды

Ольга Заривняк 1927 жылы қазіргі уақытта Польша аумағында орналасқан Брест облысының Кенели қаласында дүниеге келген. Соғыс жылдарында, 1941 жылдан бастап, ол Беларусь территориясындағы партизан отрядында байланысшы болған.

1941 жыл, соғыс басталған жылы Ольге Заривняк бар-жоғы 7 сынып бітірген болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол не бәрі 14 жаста еді. 1941 жылдан 1945 жылға дейін Брест облысында фашистер басып алған аумақта тұрғандықтан ол партизан отрядында болды. Сөйтіп жау құрамаларының орналасуы, саны және орналасуы туралы маңызды ақпараттарды партизан отрядына жеткізіп отырды. Арасында жараланған сарбаздарға белсенді түрде көмектесті. Ол фашистік бомбалаушылардың алғашқы рейдтерін де көрді.

Соғыс аяқталғаннан кейін ол отбасымен Украинаға Красноивановка ауылына қоныс аударды. Дәл сол кезде КСРО-ның шешімі бойынша 1945 жылы 16 тамызда Кене қаласы Польшаға берілген болатын. Кейін екі жылдан соң ол тұрмысқа шығып, ана атанды.

1957 жылы отбасымен Днепропетровск облысының Вольногорск қаласына көшіп, сол жақта жергілікті ауруханада санитар болып жұмыс істеді. Кейіннен зейнеткерлікке шыққанға дейін жергілікті ательеде тігінші болды.