Тележүргізуші Дана Нұржігіт өмірінің бел ортасына келгенде өзінде өзгеріс болғанын айтты, – деп жазды Аikyn.kz.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, әйелдер қауымына кеңес берді.
”Өмірдің бел ортасына келгенде мынаны түйсігіңе түйіп ал, құрбым! Сенде енді жас кезде артығымен болатын көп нәрсе жоқ. Бос әңгімеге артық уақыт жоқ. Артық денсаулық жоқ. Сенімен санаспайтын адамға төзетін артық шыдам жоқ. Өзіңді кезектің соңына қоятын бұрынғы ұяңдық жоқ. Осы жаста ұққаның мынау болу керек: Өмір деген қайта-қайта жазатын көшірме емес, бір ғана рет жазылатын түпнұсқа! Соны түсін, құрбым. Жан тыныштығы, тән саулығы бірінші орында тұрсын! Өзің қалаған іс шабыт беріп, өміріңе мән беретін шаруаң ғана өнеді, соған көзім жетті. Таңдау өз қолыңда, құрбым”, — дейді ол.
Желі қолданушылары Дана Нұржігіттің ерекше форматтағы видеосы мен образына таңғалысын жасырмады.
“50-ден асқанда бұлай билеген ыңғайсыз екен”, “Өте дұрыс айтасыз”, “Сізде нәзіктік жоқ екен, бұлай көпшілікке билемеңіз”, ”Осы дүниені қартайғанда бір-ақ түсіндік”, — деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.