Блогер Айсәуле Бақытбек әкесі Бақытбек Есентаевтың суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Блогер әлеуметтік желіде кішкентай қызы мен әкесінің кездескен сәтін көрсетті.
“Өмір”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.
Желі қолданушылары қолдау білдіріп, пікір қалдырған.
“Атасы мен немересін көргенде жүрегім елжіреп кетті”, “Айсәуле сондай мейірімді, жақсы тәрбиеленген қыз”, “Қызы мен әкесі және немересі, қандай керемет көрініс”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, Бақытбек Есентаев 2016 жылы бұрынғы әйелі Баян Мақсатқызына бірнеше пышақ жарақатын салғаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Есентаев 2022 жылы шілде айында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.