Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
Ауылдағы медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге беріледі
Фото: primeminister.kz
388
оқылды

Үкімет отырысында бүгінгі күн тәртібіндегі «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы, сонымен қатар құрылыс саласын цифрландыру және қала құрылысы кадастры мәселелері қарастырылуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Отырыс барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде ынталандыру төлемі берілетінін жеткізген.

Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылуда. Оның мөлшері – 8,5 млн теңге.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ақпараты бойынша, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі екен. Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.

Сонымен қатар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының міндеттерінің бірі ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету болып саналады. Бұл міндетті жүзеге асыру мақсатында заманауи 32 көпсалалы орталық аудандық аурухананы (КОАА) пайдалануға беру көзделіп отыр. Қазіргі сәтте 6 аурухананың құрылыс жұмыстары аяқталды. 2025 жылдың соңына дейін тағы 12 КОАА пайдалануға беру жоспарланған. Оған 98 медицина қызметкерлерін даярлап жіберу қарастырылуда. Қалған 14 нысанның құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.