Олардың 75 пайызы екпе алмаған.
Қазақстанда 1 363 бала қызылша жұқтырған
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
357
оқылды

Сондықтан дәрігерлер екпе алу қажеттігін айтады. Қызылша жұқтырған балалардың ең көбі Жамбыл облысында тіркелген. Аталған дертпен 300-ге жуық бала ауырған. Екінші Астана, үшінші кезекте Ақмола облысы тұр.

Дегенмен мамандар биыл қызылша жұқтырғандардың саны 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз екенін айтады. Мәселен, былтыр 21 мыңнан аса бала қызылшамен ауырған.

Сондай-ақ көкжөтелге шалдыққан балалардың да саны былтырғымен салыстырғанда едәуір азайған. Былтыр 550-ге жуық, биыл 183 жағдай тіркелген. Олардың 89 пайызы екпе салдырмаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.