YouTube-те алғашқы бейнежазба «Мен хайуанаттар бағындамын» деген атпен 2005 жылы шықққан. Оны платформаның негізін қалағандардың бірі – Жавед Карим өз арнасына жариялаған.
Сан-Диего қаласында түсірілген 19 секундтық видеода Карим хайуанаттар бағындағы пілдердің тұмсығы туралы әңгімелейді. Күні бүгінге дейін бұл видео 358 млн қаралым мен 17 млн лайк жинап үлгерген. 2006 жылы You Tube-ты Google компаниясы 1,6 млрд долларға сатып алған еді. Қазір бұл ең танымал сайттардың бірі. Оны ай сайын 2,7 млрд интернет қолданушы пайдаланады. Ал платформаға жүктелген видеолардың жалпы саны – 15 млрд-қа жуықтаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.